Маңғыстауда шенеунік параға кондиционер алған

None
None
АҚТАУ. ҚазАқпарат - Маңғыстау облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары пара алды деп айыпталуда. Бұл туралы ҚазАқпарат Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Маңғыстау облысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі Маңғыстау облысының «Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» ММ басшысының орынбасарына қатысты жемқорлық қылмыс жасады деген күдік бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады.

«Ол шетелдік жұмыс күшін тарту мәселелері жөніндегі комиссияның төрайымы бола отырып, аталған ММ-ның бөлім басшысынан жұмыс бойынша жалпы көрсеткен көмегі үшін кондиционер түрінде пара алды деген күдікке ілінді», делінген хабарламада.

Осыған дейін хабарланғандай, аталған мекемінің шетелдік жұмыс күшін тарту мәселелері жөніндегі бөлімінің басшысына қатысты облыс аумағында еңбек қызметін жүзеге асыратын шетелдік азаматтарға жұмыс визаларын кедергісіз бергені және ұзартқаны үшін бірнеше рет шетелдік компаниялардың өкілдерінен 500-ден 1000 АҚШ долларына дейінгі мөлшерде пара алды деген күдік бойынша сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатыр.

«Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда. Күдіктіге қатысты түпкілікті шешімді оның кінәсінің деңгейін анықтау арқылы сот қабылдайтын болады», делінген хабарламада.

Соңғы жаңалықтар