Маңғыстауда шекараны заңсыз кесіп өткені үшін Ресейдің үш азаматы сотталды

None
None
МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫ. ҚазАқпарат – Түпқараған аудандық сотында Ресей Федерациясының 3 азаматына қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 392-бабының 1-бөлігімен қылмыстық іс қаралды, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыстық соттың сайтына сілтеме жасап.

Сотта анықталғандай, 2020 жылғы 24 шілдеде Ресей Федерациясының азаматтары Қазақстан Републикасының мемлекеттік шекарасын құжатсыз және тиісті рұқсатсыз мемлекеттік шекарадан өткізу пунктерінен тыс жерлерді қасақана кесіп өткен.

«Сот үкімімен Ресей Федерациясының азаматтары ҚР Қылмыстық кодексінің 392-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танылып, олардың әрқайсысы 6 айға бас бостандығынан айырылып, ҚР шегінен тысқары жерге 5 жыл мерзімге шығарылды», - деп хабарлады Түпқараған аудандық сотының баспасөз қызметі.


Соңғы жаңалықтар