Маңғыстауда шаңды дауыл тұрды

None
АҚТАУ. ҚазАқпарат – Маңғыстауда ауа райының бұзылуына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Қазгидрометке сілтеме жасап.

16-17 наурыз күндері аймаққа солтүстіктен келген суық циклон жалғасады. Бүгін желдің жылдамдығы кей жерлерде секундына 19 метрге дейін жетеді. Ертең 23-28 метрге дейін күшеюі мүмкін.

«Ауа температурасы түнде 5 градусқа дейін төмендейді. Күндіз 10-15 градус жылы болады. 18 және 19 наурызда жаңбыр жауып, соңы қарға ұласуы ықтимал. Қалың тұман түсіп, көктайғақ болуы мүмкін», - деді «Қазгидромет» РМК филиалының инженер-синоптигі Наталья Бочкова.


Соңғы жаңалықтар