Маңғыстауда сергек жүйесі іске қосылды - фейк

None
АҚТАУ. ҚазАқпарат - Әлеуметтік желіде Маңғыстауда 26 мамырдан бастап сергек жүйесі іске қосылды деген ақпарат тарады. Жауаптылар ақпараттың жалған екенін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Хабарламада белгісіз ер адам сергек жүйесінің 1 маусымнан емес, 26 мамырдан бастап іске қосылғанын айтып, қаладағы көлік жүргізушілерін сақ болуға шақырған.

Маңғыстау облыстық полиция департаментінің ресми өкілі Гүлшара Бастаубаева бұл ақпаратты жоққа шығарды.

«Аудиожазбада таралған ақпарат шындыққа жанаспайды. Сергек жүйесі қосылған уақытта өңір тұрғындарына міндетті түрде ақпарат таратылады. Сондықтан, өңір тұрғындарын тек ресми ақпарат көздеріне сенуге шақырамын», - деді ол.

Соңғы жаңалықтар