+7 (701) 759 90 19
USD 425.73 EUR 498.32
RUB 5.8 CNY 65.85
Jańalyqtar

Маңғыстауда сайлаушылардың 36,6 пайызы дауыс берді

2021 жылғы 25 шілде 15:53
Бөлісіңіз:
Маңғыстауда сайлаушылардың 36,6 пайызы дауыс берді

АҚТАУ. ҚазАқпарат - Маңғыстауда сайлаушылардың 36,6 % дауыс беріп үлгерді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Алматы облысының Шұбар ауылдық округіндегі әкім сайлауында 88 жастағы қария дауыс берді

Бұл туралы Маңғыстау облысының қоғамдық коммуникация орталығында өткен брифингіде облыстық сайлау комиссиясының төрағасы Асқар Рзаханов мәлім етті.

«Аудандық сайлау комиссияларының ұсынған деректеріне сәйкес 2021 жылғы 25 шілдедегі сағат 14.00-дегі (Нұр-Сұлтан уақыты бойынша) жағдай бойынша сайлау бюллетенін тізімге енгізілген сайлаушылардың жалпы санының 36,6 % алды», - деді А. Рзаханов.

Олардың ішінде Бейнеу ауданы Сарға ауылы – 58,9 %, Есет ауылы – 61,8 %,Төлеп ауылы – 58,9 %, Сам ауылдық округі бойынша – 66 % адам дауыс берген.

Ал Қарақия ауданы бойынша Құланды ауылдық округі бойынша – 66,9 % адам таңдау жасаған.

Сондай-ақ, Маңғыстау ауданындағы Тұщыкұдык ауылдық округі бойынша – 46,1 %, Қызан ауылы – 43,8 %, Жармыш ауылы – 36,8 %, Онды ауылдық округі бойынша – 34,8 % тұрғын дауыс берген.

Ал Түпқараған ауданының Ақшұқыр ауылында – 22,1 % сайлаушы таңдау жасаған.

Маңғыстау облысындағы ауылдар мен ауылдық округтер әкімдерін сайлауға 14 сайлау учаскесі қатысады.

Барлығы 141 44 сайлаушы сайлау науқанында сайлаушылар тізіміне енгізілді.

Сайлаушылардың ең көбі Ақшұқыр ауылында - 6877, ал ең азы Сам ауылдық округінде - 403 сайлаушы.

2021 жылдың 25 шілдесінде жергілікті уақыт бойынша 07:00-де бүкіл 14 сайлау учаскесі дауыс беру процесін бастады.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Қаракөз Марат

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER

MURAǴAT