+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 454.18
RUB 5.81 CNY 57.66
Jańalyqtar

Маңғыстауда санитарлық карантинге арналған 7 пункт жұмыс істейді

2020 жылғы 11 наурыз 23:42
Бөлісіңіз:
Маңғыстауда санитарлық карантинге арналған 7 пункт жұмыс істейді

АҚТАУ. ҚазАқпарат – Облыс аймағында короновирусқа байланысты карантинге жатқызатын стационарлар бекітілген, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл туралы облыстық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті басшысы Ерғали Сыдыманов айтып берді.

«Карантинге жатқызылғандар Маңғыстау облыстық аурухананың жұқпалы аурулар бөліміне (60 орын), облыстық туберкулезге қарсы диспансер (200 орын) мен Жаңаөзен қалалық көпбейінді аурухананың жұқпалы аурулар бөліміне (60 орын) орналастырылады»,-дейді Ерғали Сыдыманов.

Коронавирус инфекциясының алдын алу және республика аймағына таратпау мақсатында ҚР бас мемлекеттік санитар дәрігерінің 4 наурыздағы қаулысы күшіне енген. Қаулыға сәйкес, коронавирус инфекциясы бойынша қолайсыз шет мемлекеттердің тізімі категория бойынша анықталды.

«Облыс көлемінде шет мемлекеттерден келетін азаматтарды ҚР шекарасынан өткізу барысында арнайы санитарлық карантиндік пункт мамандары қызмет көрсетеді», - дейді Маңғыстау облысы денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ануар Сағымбаев.

Облыс көлемінде 7 санитарлық карантиндік пункт жұмыс істейді. Оның ішінде 2-уі автөкөлік бекетіндегі «Темір-Баба», «Тажен», 2-уі Ақтау, Құрық теңіз порттарында, 1-уі әуежайда, 2-уі теміржолда («Болашақ» және «Оазис» Бейнеу стансасы). Келуші азаматтардың барлығы тепловизормен тексеріліп, қаралады.

Халықаралық әуежайдағы санитарлық карантин пунктілеріне Ақтөбе қаласынан 4 маман, Обаға қарсы күрес стансасынан және Маңғыстау облысының тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті мамандары жұмылдырылды. Ішкі және сыртқы рейстерге тексеру күшейді.

5 наурыздан бастап Әзербайжанға рейстер (7 рейстің орнына 1 рейске дейін) азайды.

Бүгінгі күні облыста 23 адам медициналық бақылауда (оның ішінде Иран елінің азаматтары - 15, ал 8 - қазақстандықтар).


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Ләйлім Әлім

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT