Маңғыстауда салқындатқыш және жылытқыш құрылғылармен жабдықталған аялдамалар салынып жатыр

None
АҚТАУ.ҚазАқпарат – Маңғыстау облысының Мұнайлы ауданында салқындатқыш және жылытқыш құрылғылары бар заманауи аялдамалар салынып жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Аялдамалар салқындатқыш және жылытқыш құрылғылармен қамтылады. Заманауи аялдаманың ерекшелігі - көлік күтіп тұрған тұрғындардың қыста далада тоңып тұрмай, аялдаманың ішіне кіріп жылынуына, жазда керісінше, салқын жерде отыруына жағдай жасалады.

«Ауа райының салқындығына қарамастан құрылыс жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Шамамен 30-40 жұмысшы осы істің басы-қасында өз міндеттерін барынша сапалы орындау үшін жұмыстануда. Барлығы 31 аялдама жыл соңына дейін тапсырылады. Құрылыс жұмыстары осы жылдың орта тұсында басталған», деп мәлім етті Мұнайлы ауданының баспасөз қызметінен.

Жаңа нысан Маңғыстау ауылындағы «Айшат» мейрамханасынан Басқұдық ауылдық округіндегі «Ануар» дүкеніне дейінгі автокөлік жолының бойында орналасқан. Аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің мәліметінше, қазіргі таңда жұмыстың 80 пайызы орындалып тұр.


Соңғы жаңалықтар