Маңғыстауда полиция көлігі апатқа ұшырады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Кеше Маңғыстау облысының Айрақты және Шерқала ауылдарының аралығында полиция көлігі жол апатына ұшырады, деп хабарлайды ҚазАқпарат lada.kz сілтеме жасап.

Маңғыстау облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, полицейлер УАЗ автомашинасымен шақырылған жерге бара жатқанда Hyundai Santa Fe автомобиліне соқтығысқан. Бірнеше адам жарақат алған.

«Осы дерек бойынша автотехникалық сараптама белгіленді, соның нәтижесіне қарай хаттама толтырылып, процестік шешім қабылдау үшін әкімшілік сотқа беріледі», - делінген хабарламада.

Соңғы жаңалықтар