Маңғыстауда «Парасат жолы» жобасы іске асырылуда

None
None
АҚТАУ. ҚазАқпарат - Маңғыстауда «Парасат жолы» жобасы іске асырылуда, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Өңірге республикалық «Парасат жолы» жобасының жетекшісі, қоғам қайраткері, жазушы Сәдібек Түгел және ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының кеңесшісі Ж.Жылқышиева Маңғыстау облысына жұмыс сапарымен келді.

Жұмыс тобы іссапар барысында Қ.Сыдиықов атындағы облыстық кітапханадағы «Парасат жолы» орталығына барды. Онда С.Түгел мен Ж.Жылқышиева «Парасат жолы» орталығының жұмысымен танысып, кітапхана ұжымымен кездесу өткізді.

Қ.Сыдиықов атындағы облыстық кітапхананың тарихы 1973 жылдан бастау алады. Бүгінде 64 қызметкер жұміс істейді. Қазіргі кезде кітапханада 435 мың кітап қоры сақталған, сондай-ақ 23 мың оқырманы бар. Айта керу керек, кітапхананың жанында зағип жандарға арналған кітапхана да бар. Онда 500 оқырман, 12 мыңнан аса кітап қоры сақталған.

Кездесуде С.Түгел еліміздегі сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бағытындағы жүргізіліп жатқан жұмыстарға тоқталып, «Парасат жолы» жобасының қоғамға тигізер пайдасы туралы атап өтті.

Айта кетейік, «Парасат жолы» жобасы ағымдағы жылы ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі мен Мәдениет және спорт министрлігінің бастамасымен құрылды. Бүгінде еліміздің барлық аумағынан осындай орталықтар ашылып, жұмыс істеуде. Жобаның мақсаты – қоғамда парасаттылық, адалдық, әділеттілік қағидаттарын қалыптастырып, мәдениет пен руханият құндылықтарын ілгерілете отырып, ізгі қоғам құруға бағытталған.


Соңғы жаңалықтар