Маңғыстауда пара алу күдігімен жемқорлыққа қарсы күрес қызметкері ұсталды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының ішкі қауіпсіздік басқармасы пара алды деген күдікпен Ұлттық бюроның Маңғыстау облысы бойынша департаментінің ерекше маңызды істер жөніндегі офицерін ұстады.

Бұл туралы Агенттіктің баспасөз қызметінен мәлімдеді.

Жедел іздестіру және құпия тергеу амалдары шетелдік кәсіпкердің арызы негізінде жүргізілді. Ол сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметінің қызметкері одан ақша бопсалағанын хабарлаған.

Күдікті кәсіпкерді қылмыстық жауапқа тартпау үшін 1 млн теңге мөлшерінде пара алған. Офицер уақытша изоляторға тоғытылды.

Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр.

Соңғы жаңалықтар