Маңғыстауда Өзбекстанның үш азаматы тұтқындалды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Маңғыстау облысы Қарақия аудандық сотында Өзбекстан Республикасының үш азаматына қатысты әкімшілік іс қаралды, деп хабарлайды lada.kz соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Шетелдіктер Маңғыстау облысында сәйкес органның рұқсатынсыз жұмыс істегендері үшін айыпталып жатыр. «Қазақстанға күн көру мақсатымен келген үш шетелдік уақытша тіркеуге тұрып, сәйкес органның рұқсатынсыз жұмыс істей бастаған. Сот үш шетелдікті ҚР Әкімшілік кодексі 5-бөлімі 517-бабы бойынша кінәлі деп таныды. Олар үш тәулікке қамалады», - делінген соттың баспасөз қызметінің хабарламасында. 

Соңғы жаңалықтар