Маңғыстауда өткен жылы 48 тоннаға жуық балық өсірілген

None
Фото: kazanreporter.ru
АҚТАУ.ҚазАқпарат - Маңғыстауда өткен жылы 4915,8 тонна балық ауланып, 47,5 тонна балық өсірілген. Бұл туралы Маңғыстау облысындағы балық шаруашылығын дамытудың қарқыны мен мүмкіндіктері туралы өткен кеңесте айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«2022 жылдың қорытындысы бойынша облыста 4915,8 тонна балық ауланып, 47,5 тонна балық өсірілді. Сонымен бірге 25,4 тонна өнім экспортталып, 18 тонна өнім импортталды. Соңғы үш жылда облыста өсірілетін балық көлемі екі есе артты. Оған «Балық шаруашылығын дамыту» бағдарламасы септігін тигізді», - деді Маңғыстау облысы балық шаруашылығы басқармасының басшысы Арман Молдашев.

2030 жылға қарай Маңғыстауда жылына 100 мың тоннаға дейін балық өсіру жоспарланып отыр.


Соңғы жаңалықтар