Маңғыстауда «Орел и решка» бағдарламасы түсіріліп жатыр

None
None
АҚТАУ. ҚазАқпарат - «Орел и Решка» тағы да Қазақстан туралы бағдарлама түсіріп жатыр. Бұл жолы танымал ресейлік бағдарламаның түсірілім тобы Маңғыстауға келді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Маңғыстаулықтар алдымен түсірілім тобын «Ақтау» халықаралық әуежайынан көрген.

Әлеуметтік желіде бағдарлама жүргізушілері Василиса Хвостова мен Антон Зайцев түсірілім жасап жүрген видео тарады.

Кейін желіде «Көгез» этноауылындағы түсірілімнің кадрлары шықты. Онда Василиса Хвостованың көлік тоқтатып тұрғаны түсірілген.

Айта кетейік, бұған дейін «Орел и решка» саяхат туралы танымал телебағдарламасында Алматы облысы туралы сюжет көрсетілетінін жазған болатынбыз.



Соңғы жаңалықтар