Маңғыстауда оқушылар үшін 30 мыңнан астам компьютер сатып алынды

None
None
МАҢҒЫСТАУ. ҚазАқпарат - Өңірде оқушыларға 30 мыңнан астам компьютер сатып алынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл туралы қоғамдық коммуникация орталығында өткен брифингте Маңғыстау облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Гүлмира Мамаева мәлім етті.

«Облыс көлемінде жаңа оқу жылында 141 орта мектепте 13 773 педагог қызмет етеді. Биыл 800-ден аса жас маман келді. Облыста әлі де 100-ден аса педагог мамандарға қажеттілік бар. Оның ішінде қазақ сыныптардағы орыс тілі, орыс сыныптарға орыс тілі, математика мұғалімдеріне қажеттілік басым. Бұдан басқа кадр тапшылығын шешу бағытында 2018 жылдан бастап берілетін жергілікті бюджеттен бөлінетін грантпен 139 студентті оқытып жатырмыз. Жергілікті грантпен оқып жатқан студенттердің екеуі биыл келді. Алдымыздағы жылы 6 түлек келеді», - деді Гүлмира Мамаева.

Қалыптастырушы бағалау нәтижелері күн сайын электрондық журналға балл түрінде қойылады. Сабақ барысында қалыптастырушы бағалауға балл қойылатын білім алушылардың санын мұғалім өзі анықтайды.

Қалыптастырушы бағалау үшін ең жоғары балл 2-11 сыныптарда 10 балдан аспайды, бұл ретте 1-3 балл төменгі деңгей критерийлеріне сәйкес келеді, 4-7 балл – орта деңгей, 8-10 балл – жоғары деңгей. 1-сыныпта бағалау жүргізілмейді.

Айта кетсек, Маңғыстау облысында 2020 жылдың 1 қыркүйегінен бастап 141 мектепке 158 751 оқушы келді. 1 сыныптарға 18 577 оқушы қабылданды. Облыстағы карантиндік шектеулерге сәйкес бірінші сынып оқушыларына арнап кезекші сыныптар ашылып, онда 14 мыңнан астам бала білім алуда. 1 шағын жинақты мектеп дәстүрлі түрде, басқа мектептердің 2-11 сынып оқушылары қашықтықтан оқытылып жатыр.


Соңғы жаңалықтар