+7 (701) 759 90 19
USD 437.20 EUR 475.32
RUB 5.79 CNY 61.94
Jańalyqtar

Маңғыстауда Мұрын Жырауға арналған республикалық жыршылар байқауы басталды

2019 жылғы 26 қараша 21:05
Бөлісіңіз:
Маңғыстауда Мұрын Жырауға арналған республикалық жыршылар байқауы басталды

АҚТАУ. ҚазАқпарат - Мұрын жырау Сеңгірбекұлының 160 жылдығына арналған «Мұхиттан қалмыш теңіз-жыр» республикалық жыршылар байқауы басталды, деп хабарлайды Қазақпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Роза Рымбаева көпшіліктің сұрауымен онлайн режимдегі екінші концертін ұсынады Жамбылда әл-Фарабидің 1150, Абайдың 175 жылдығына орай онлайн байқаулар ұйымдастырылады Жамбылдағы мәдени мекемелер онлайн-режимде жұмыс істеп жатыр

Мұрын жырау Сеңгірбекұлы Асан, Сыпыралар негізін салып кеткен мол дүниені сан жылдар жадында сақтап, ерекше шеберлікпен жүйелі орындап, бүгінгі ұрпаққа табыс еткен.

Жыршының құрметіне орай ұйымдастырылған байқаудың мақсаты - «Қырымның қырық батыры» сынды мұраны және осы заманға жеткізуші Мұрын жыраудың есімін жас орындаушылар арасында кеңінен насихаттау, рухани мұраны жаңғырту.

Байқау жеңімпазына қойылған басты сыйлық - Мұрын жыраудың домбырасы.

Жарыста сайдың тасындай кіл мықтылар бақ сынайды. Қатысушылар Батыс Қазақстан, Маңғыстау, Қызылорда облысы мен Нұр-сұлтан, Алматы қаласынан келген.

Ал, үміткерлердің өнерін жыршы-термеші Елдос Еміл, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Ұлжан Байбосынова, ҚР Мәдениет саласының үздігі Жеткізген Сейітов, Құрманғазы атындағы қазақ ұлттық консерваториясының профессоры Амандық Көмекұлы бағалайды.

Байқау талабы бойынша талапкерлер алғашқы кезеңде «Арғымақ атқа жарасқан», «Нұрым жырауға өзін таныстыруы», «1942 жылы Алматыға барғанда алқалы топқа айтқаны» деп аталатын терме-сөздерді орындайды. Ал, екінші кезеңде «Орақ, Мамай», «Қарасай, Қази» жырларын орындайды.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Ләйлім Әлім

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT