Маңғыстауда мұнай сорғыларын дайындайтын цех «цифрландырылды»

None
None
АҚТАУ. ҚазАқпарат - Елбасының «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасы аясында ірі кәсіпорындар жаппай автоматты теxнологиялармен жабдықталуда. Соның бірі - Маңғыстау облысында мұнай ұңғымаларына сорғылар жасайтын цех, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Компания өнімдері еліміздегі мұнай кеніштерін толық қамтып отыр. Түгелдей шетелдік теxнологиялармен жабдықталған. Шетелдік инвесторлар жаңа құрылғыларды іске қосуға 5 млн қаражат құйған. Үкімет басшысы Бақытжан Сағынтаев аймаққа сапары барысында аталған кәсіпорынның технологиялық үдерісімен және жаңа өндірістік әрі сервистік мүмкіндіктерімен танысқан болатын.

Цехта сапасы халықаралық талаптарға сай жылына 1 мың дана мұнай насостар дайындалады. Мұнай өндіру саласында қолданылатын отандық тауарлар енді Еуропа нарығына шықпақ.

«Жаңа технологиялар түгел автоматтандырылған. Қондырғылар су жаңа.  «Шлюмберже» компаниясы «Цифрлық кен орны», «I-invoicing», «Шотұсыну» жобалары бойынша «Қазгермұнай» БК» ЖШС, «Қаражанбасмұнай» АҚ, КНОС,«Қарашығанақ Петролиум Оперейтинг», «Теңізшевройл» ЖШС секілді мұнай өндіруші кәсіпорындарға қызметтер ұсынумен айналысады», - дейді бас директор Мухамед Разиев.

Өнімдер ішкі сұранысты қамтып қана қоймай, Каспий аймағы мен таяу Шығыс елдеріне жөнелтіледі.

Компания басшысының айтуынша, кәсіпорында сондай-ақ мұнай құрылғыларына жөндеу жұмыстары да жүргізіледі. Сондай тапсырыстардың бірі Әзербайжаннан түскен. Олардың арасында үлкен тапсырыс берген компаниялар да бар.

 

Соңғы жаңалықтар