Маңғыстауда мұнай кен орнында өрт болып, жұмысшыларды күйік шалды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Куәгерлердің сөзіне қарағанда, оқыс оқиға 20 мамыр күні Комсомол мұнай кенішінде болған, деп хабарлайды lada.kz.

Куәгерлердің айтуынша, ұңғыма жанған. Маңғыстау облыстық ауруханасынан алынған ақпаратқа сүйенсек, «М-Техсервис» ЖШС-тің үш жұмысшысы зардап шеккен. Түрлі дәрежеде күйік шалған жұмысшыларды санитарлық авиация ауруханаға 05:10-да жеткізген.

Жұмысшылардың бірі қазір жансақтау бөлімінде жатыр, оның денесінің 60 пайызын күйік шалған, ал екеуі травматология бөлімінде емделуде.

Соңғы жаңалықтар