Маңғыстауда мемлекеттік қызметшілерге орталықтандырылған медициналық қызмет көрсетіледі

None
None
АҚТАУ. ҚазАқпарат - Маңғыстау облысының мемлекеттік қызметшілері бұдан былай бір емханада тіркеліп, оларға орталықтандырылған медициналық қызмет көрсетілетін болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Мемлекеттік қызмет саласын қадағалау департаментінің директоры Равиль Төлебаев пен «Арнайы мониторинг тобының» мүшелері Зәуреш Батталова, Нұрлан Баймурзаев, Ырза Тұрсынзада Ақтау қаласында орналасқан клиниканы аралап шықты.
null

Заманауи медициналық құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген жекеменшік емхана бұдан былай мемлекеттік қызметшілерге сапалы қызмет көрсетуге әзір.

Астанадан арнайы келген делегация клиниканы аралап, ондағы дәрігерлермен сұхбаттасып, барлық процедуралық кабинеттерді аралап шықты.

null«Мемлекеттік қызметкерлер халыққа еш уайым-қайғысыз қызмет етуі үшін әрі денсаулығы жақсы болуы үшін Агенттік бұл жұмыстың әрбір өңірде жоғары деңгейде ұйымдастырылуын басты назарда ұстайды», - деп атап көрсетті Мемлекеттік қызмет саласын қадағалау департаментінің директоры Равиль Төлебаев.

ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі мемлекеттік қызметшілердің әлеуметтік жағынан қорғалуына ерекше көңіл бөліп келеді. Олардың баспанамен қамтамасыз етілуі, көпбалалы отбасыларға жазғы демалыс лагерьлеріне жолдама беру жайы болашақта кезең-кезеңімен шешімін таппақ. Бұл бастамалардың барлығы Елбасы Н.Назарбаевтың дамыған 30 елдің қатарына ену тапсырмасына және «100 нақты қадам» Ұлт Жоспарына сәйкес «Кәсіби мемлекеттік аппарат қалыптастыру» шаралары аясында жүзеге асырылып жатыр.

Естеріңізге сала кетейік, факторлы-балдық шкала негізінде еңбекақы төлеудің жаңа жүйесіне сәйкес, Маңғыстау облысы мен ҚР Әділет министрлігінде, Астана қаласы мен ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінде биылдан бастап жалақы екі есеге өсті. Бұл пилоттық жоба өз тиімділігін көрсетсе, болашақта елімізде барлық мемлекеттік қызметшілердің жалақысы көтеріледі.

Соңғы жаңалықтар