Маңғыстауда мемлекеттік инспекторлар пара алғандары үшін 7 жылға сотталды

None
None
АҚТАУ. ҚазАқпарат - Маңғыстау облыстық сотының қылмыстық істер бойынша сот алқасында «Маңғыстау облыстық көліктік бақылау инспекциясы» ММ автомобиль көлігін бақылау департаментінің екі бас маманына қатысты қылмыстық іс қаралды. Біреуі 7 жылға, екіншісі 7,5 жылға жеке мүліктерін тәркілеу арқылы жалпы режимдегі түзету колониясында жазасын өтейді және өмір бойы мемлекеттік қызмет атқармайды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Ақтау қалалық сотының үкімімен сотталушыларға өздерінің қызметтік өкілдіктерін пайдалану арқылы алдын ала сөз байласқан лауазымды тұлғалар тобымен бірге бірнеше рет үлкен көлемде пара алды деген айып тағылды.

Айыпталушылар бірнеше рет жеке кәсіпкерден ақшалай және заттай пара алған. Біреуіне ҚР Қылмыстық кодексінің 366-бабы, 3-бөлімінің 2,4-тармағы бойынша (7,5), екіншісіне осы баптың тек 2-ші тармағы бойынша (7) айып тағылды.

«Сотталушылардың заңды өкілдері Маңғыстау облыстық сотының қылмыстық істер бойынша сот алқасына үкімді айыппұл төлеуге ауыстыру туралы аппеляциялық өтініш жіберген. Маңғыстау облыстық сотының қылмыстық істер бойынша сот алқасының шешімімен сот үкімі еш өзгеріссіз қалды, аппеляциялық өтініш қанағаттандырылмады», - деп атап өтті Маңғыстау облыстық соты баспасөз қызметінің маманы Гаухар Нұрханова.

Соңғы жаңалықтар