Маңғыстауда мемлекеттен субсидия алатын шаруалар саны артқан

None
АҚТАУ. ҚазАқпарат - Маңғыстау облысында мемлекеттен субсидия алатын шаруалардың саны 19 есеге артқан, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

2020 жылы Маңғыстау облысы бойынша мемлекеттен бөлінген субсидияны 10 шаруа қожалығы алса, 2021 жылы бұл көрсеткіш 82-ге жеткен. Ал биыл 197 шаруа иесі мемлекеттен көмек алған. Бұған себеп субсидия алу бойынша жүргізілген түсіндірме жұмыстары мен бюджеттен қаражаттың оңтайлы бөлінуі болып отыр.

«Жыл соңына дейін ауыл шаруашылығы жануарларына қажетті азық мөлшерін жеткізу жоспарланып отыр. Өткен жылғы құрғақшылықтан кейін жеке шаруашылықтарға бірқатар мемлекеттік қолдау шаралары көрсетілді, бұл бағыттағы жұмыстар жалғаса береді», деді Маңғыстау облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Қазбек Тәшенов

Сонымен қатар әр аналық мал басына төленетін норматив көлемі де өскен.

Мал азығын субсидиялау талаптарына сәйкес 2021 жылы түйе, жылқы, сиыр 25 аналық мал бастан және қой мен ешкіге 150 аналық мал бас талап етілсе, биылғы жылы мал басының болуы талап етілмейді.


Соңғы жаңалықтар