Маңғыстауда Мәжіліс депутаттары сот жұмысымен танысты

None
None
АҚТАУ. ҚазАқпарат - Маңғыстауда Парламент Мәжілісінің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің Қазақстан Республикасының соттарын жаңғырту мәселелері бойынша көшпелі отырысына қатысушылар өңір соттарының жұмысымен танысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыстық соттың ресми сайтына сілтеме жасап.

Қонақтарға электронды сот төрелігі, сот процестерін аудио-бейне тіркеу және бейнебақылау жүйесінің мүмкіндіктері, сот отырыстарын қашықтықтан өткізуге арналған бейнебайланыс құрылғыларының қызметі, ішкі-сыртқы қауіпсіздік жұмыстары таныстырылды.

Іс-шараға қатысушылар адвокаттар мен медиаторлардың кабинеттерін, күту бөлмелерін, сондай-ақ облыстық соттағы құқықтық қызмет көрсету орталығын,Ақтау қаласының №2 сотындағы фронт-офисті аралап көрді.

Соңғы жаңалықтар