Маңғыстауда Мәжіліс депутаттары энергокомбинат жұмысымен танысты

None
None
АҚТАУ. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасы Мәжілісінің депутаттары Маңғыстау өңіріне жұмыс сапарымен келіп, бірқатар нысандарды аралады. Халық қалаулылары алдымен «МАЭК-Қазатомпром» ЖШС болып, ұжыммен кездесті, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Комбинат Ақтау қаласы мен жақын маңдағы кенттердің тұрғындарын, сондай-ақ өңірдің өнеркәсіптік кәсіпорындарын ауыз сумен және шаруашылық сумен, жылумен және электр энергиясымен қамтамасыз етеді.

Өндіріс орнында бүгінде 4000-ға жуық жұмысшы мен мамандар еңбек етеді.

Қазіргі уақытта комбинатта 600 Мвт-тан астам электр қуатымен жұмыс істеу және тәулігіне 60 мың текше метрден астам дистиллят шығару мүмкіндігі бар.
null

Депутаттар негізгі басым бағыттарға, оның ішінде азаматтардың әл-ауқатын жақсартуға ерекше мән беріліп келе жатқандығын алға тартты. Кездесуде еңбек ұжымы халық қалаулыларына өз-ұсыныстарын білдіріп, пікір алмасты.

"Біздер үнемі жоспар бойынша аймақтарды аралаймыз. Бүгін Маңғыстауға келдік. Өңірдің xалқымен кездесіп, мәселелерін біліп, тыңдау өткіземіз. Биыл 100-ге жуық заң қаралды. 80%-ы процесте. Яғни, Сенатқа жіберілді немесе Президент қарауында. Жақында сайлау өтеді. Барлықтарыңызды белсенді қатысуға шақырамын,-деді Мәжіліс депутаты Сәкен Өтебаев.

Бірқатар өзекті әлеуметтік мәселелер көтеріліп, айтылған ұсыныс-пікірлер депутаттар назарына алынды.

Соңғы жаңалықтар