Маңғыстауда МӘМС жүйесі аясында күрделі оталар жасалатын болды

None
АҚТАУ. ҚазАқпарат – Маңғыстау облысында МӘМС жүйесі аясында жоғары технологияларды қолдану арқылы жасалатын күрделі оталар қолжетімді болды. Олардың қатарында есту қабілетін қалпына келтіру, экстракорпоральды ұрықтандыру, нейрохирургия мен кардиохирургия және трансплантологиялық ота түрлері де бар, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұрын отаны күту мерзімі 3-4 айға дейін созылса, қазір 1 айға қысқарған.

«Жоғары технологияларды қолдану арқылы жасалатын оталардың орташа құны 3 млн теңге тұрады. Ал, кардиохирургиялық операцияның құны 74 млн теңгеден асады. Сондықтан, жоғары технологияларды қолдану арқылы жасалатын күрделі оталар науқастар үшін көп жеңілдік болып отыр. Сонымен қатар, МӘМС жүйесі аясында позитронды-эмиссиялық томография қызметтері де қолжетімді болды. Бұл онкологиялық ауруларды диагностикалау сапасын және оларды емдеудің тиімділігін айтарлықтай арттырады», - деді «Міндетті медициналық сақтандыру қоры» КеАҚ Маңғыстау облыстық филиалының директоры Елдеш Қосмағанбетов.


Соңғы жаңалықтар