Маңғыстауда малдың қысқы жем-шөбі қалай әзірленіп жатыр

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Маңғыстау облысында қысқы мал азығы үшін 77 мың тонна шөп пен 53 мың тонна жем қажет және оның басым бөлігі жеткізілді. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде өңір әкімі Нұрлан Ноғаев баяндады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Өңірде қалыптасқан ауа-райының қолайсыздығына байланысты төрт түлікті жем-шөппен қамту мәселесі туындады. Облыс бойынша қыс мезгілінен өту үшін – 77 мың тонна шөп және 53 мың тонна жем дайындау қажет. Қазіргі уақытта 70 мың тонна шөп және 41 мың тонна жем басқа өңірлерден жеткізілді», - деді Н. Ноғаев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.

Үкімет резервінен аналық мал басы үшін азыққа жұмсалған шығындарды өтеуге 1,9 млрд теңге қаражат бөлінген. Қазір оның 1,2 млрд теңгесі игерілді. Яғни, ірі қара мал басына 9200 теңге, ұсақ малға – 1900 теңгеден төлем өтеусіз берілген.

«Президенттің тапсырмасына сәйкес, Үкіметтің қолдауымен «Қазақстан Темір Жолы» ұлттық компаниясы арқылы жем-шөпті тасымалдау құнына 75 пайыз жеңілдік берілді. Аталған теміржол тарифі жыл соңына дейін ұзартылды. Соның нәтижесінде облысқа жем-шөп жеткізу 800 млн теңге орнына 153 млн теңге төлеп отырмыз. Және басқа өңірлерден 3 мың тоннадан астам жем-шөп тегін жеткізілді, оны жеке шарушылықтарға, мұқтаж азаматтарға таратып беріп отырмыз», - деді Н. Ноғаев.


Соңғы жаңалықтар