+7 (701) 759 90 19
USD 432.64 EUR 505.02
RUB 5.47 CNY 64.7
Jańalyqtar

Маңғыстауда қылмысқа қарсы ауқымды операция басталды - Бас прокуратура

2019 жылғы 29 шілде 14:55
Бөлісіңіз:
Маңғыстауда қылмысқа қарсы ауқымды операция басталды - Бас прокуратура

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында құқық қорғау органдары қылмыс деңгейін төмендету және елдегі қоғамдық қауіпсіздік пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету жөнінде кешенді шаралар қабылдауда.

Ұқсас жаңалықтар
«Қарасора-2020»: Таразда 3 қап есірткі тәркіленді ШҚО-да зейнеткердің 18 млн теңгесін ұрлап кетті Ақмола облысында іздеу жарияланған үш қылмыскер өзге өңірде ұсталды

«Осы шаралар аясында, бүгін, 29 шілдеде Ұлттық қауіпсіздік комитеті, Ішкі істер министрлігімен бірлесе отырып Маңғыстау облысында ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелерінің заңға қарсы әрекеттерінің жолын кесу бойынша ауқымды арнайы операция бастады»,-деп хабарлады ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметі.

Ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелерінің бірқатар ауыр және аса ауыр қылмыстарды жасауға, оның ішінде адам өлтіруге және ұрлауға, ақша қаражатын бопсалауға қатыстары бар. Бұл топтар қаруланған, ұйымшылдығы және дөрекілігімен ерекшеленеді.

Тұрғындардың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында арнайы операция жүргізуге Ұлттық қауіпсіздік және Ішкі істер органдарының арнайы жасақ күштері мен құралдары тартылды.

Азаматтарды әлеуметтік желілерде тарауы мүмкін арандатушылыққа ермеуге және үрейленбеуге, сондай-ақ заңсыз әрекеттерге бармауға шақырамыз.

«Жағдай құқық қорғау органдарының толық бақылауында. Арнайы операцияның қорытындысы жұртшылық назарына жеткізілетін болады»,-делінген ҚР Бас прокуратураның хабарламасында.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT