Маңғыстауда құрылысы жүріп жатқан үйде жарылыс болды

АҚТАУ. ҚазАқпарат - Маңғыстауда құрылысы жүріп жатқан үйде жарылыс болып, екі адам зардап шекті, деп хабарлайды ҚазАқпарат tumba.kz сайтына сілтеме жасап.
Зардап шеккендердің бірі, 20 жастағы жігіт ауруханаға түсті, оның жағдайы ауыр, деп хабарлады Маңғыстау облыстық денсаулық сақтау басқармасынан.
Оқиға 6 қазанда таң ата сағат 09-00-дер шамасында Бейнеу ауданының Бейнеу ауылында болған. Онда жалпы аумағы 300 шаршы метр болатын құрылыс аумағында газ жарылып, салынып жатқан нысан бұзылған.
Зардап шеккендердің біреуін, 20 жастағы жігітті Бейнеу аудандық ауруханасына жедел жәрдем қызметі жеткізген. Оған алғашқы медициналық көмек көрсетіліп, қазіргі таңда ол жансақтау бөлімінде жатыр.
Зардап шеккен екінші азамат, 44 жастағы ер адам жабық бас-ми жарақатымен және өзге де дене жарақаттарымен ауруханаға жеткізілді. Сондай-ақ оның миы шайқалғандығы анықталды.
Болған жайдың мән-жайы анықталуда.
- Ақтауда жаттығу кезінде 23 жастағы спортшы қаза тапты
- Түркістанда мұғалімді ұстап әкеткен полицей қызметінен шеттетілді
- Ақтауда теңіз жағасынан үлкен игуана табылды
- Оралда Ұлттық ұлан жауынгерлері тапаншамен қаруланған бозбаланы ұстады
-
Ақтауда екі жүкті әйел жол апатынан зардап шекті
-
Полиция бастығы әжетхана күзетпегені үшін айыпталған мұғалімнен кешірім сұрады
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам