Маңғыстауда құрылыс орнында жүк көлігі жұмысшыны басып кетті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Маңғыстау облысы Қарақия ауданы Құрық ауданында орналасқан «Ерсай» ЖШС-нің құрылыс базасында 1 жұмысшы қаза тапты. Оны сол жердегі жүк көлігінің жүргізушісі байқамай басып кеткен, - деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

МО ІІД баспасөз қызметінің мәліметінше,  оқыс оқиға 31 мамыр күні таңертең сағат 09:30 шамасында болған. «DSL Caspian» серіктестігінің жұмысшысы оқиға орнында  қайтыс болған.

«Қазір аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы 3-бөлігі  (көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы) бойынша іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне енгізілген.

Қазір сот-медициналық сараптама тағайындалып, сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Соңғы жаңалықтар