Маңғыстауда құны 266 млрд теңгені құрайтын 81 жоба жүзеге асырылуда

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Маңғыстау облысының әкімі Ералы Тоғжанов өңірлік Орталық коммуникациялар қызметінде аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі нәтижелері туралы, Елбасының жолдауын іске асыру және бес әлеуметтік бастама бойынша жұмыстардың нәтижелеріне жайында баяндады, деп хабарлайды облыстық әкімдіктің баспасөз қызметі.

Әкім келтірген мәліметтерге сай, ішкі өңірлік өнім өткен жылмен салыстырғанда 98,6%-тен 103,4%-ке дейін өсті, өнеркәсіп өнімінің көлемі - 101,1%-ды құрады. Бұл республикада өндірілген өнімнің 11%-ын құрайды. Өңірде өнеркәсіп саласының тұрақты өсу деңгейі сақталып, индустриализация картасы іске қосылғаннан бері аталған сектордың жалпы өндірістегі үлесі 4%-дан 8% -ға дейін өсті. Есепті кезеңде өндіру көлемі 111,4%-ті (195 млрд.теңге) құрады.

«Өңдеу өнеркәсібінің  көлемін ұлғайтудың бірден-бір жолы - жергілікті қамтуды дамыту. Негізгі резерв - өңірдегі мұнай компанияларының сатып алулары. Мысалы, 2017 жылы облыста мұнай компаниялары 1,7 трлн. теңгеге жүргізілген сатып алулардың 30%-тін немесе 500 млрд. теңгенің тауарларын сырттан сатып алды. Осы бағытта бірінші «пилот» - «Өзенмұнайгаз» компаниясы үшін ресей өндірушілерімен бірлескен мұнай насостарын шығару жобасы. Цех «Ақтау теңіз порты» арнайы экономикалық аймағында салынады, құрылысқа тартылатын инвестиция көлемі 500 млн.теңге»,- деді облыс әкімі Ералы Тоғжанов.

Жалпы, негізгі капиталға  салынған инвестиция көлемі 2018 жылы 81,7% -дан 107,2% -ға (417 млрд. теңгеге) дейін өсті.  Жалпы облыстың инвестиция портфелінде жалпы құны  266 млрд. теңге болатын 81 жоба жүзеге асырылуда.

Тұрғын үй құрылысы бойынша жылдық жоспар артығымен орындалды (жоспар - 916 мың шаршы метр). Бүгінде 945 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді, өсім - 139,7%. Жылдың соңына дейін 1 млн. шаршы метр тұрғын үй тапсырылады.

«Облыста «7-20-25» бағдарламасының шеңберінде облыс орталығында 22 жеке құрылыс компаниялары 2300 пәтерлік 15 тұрғын үй кешенінің құрылыстарын жүргізуде. Екінші деңгейлі банктер 371 өтінімді қарап,  1,9 млрд. теңгеге 235 несиені мақұлдады. Жыл соңына дейін «7-20-25» бағдарламасы бойынша 500 пәтер тапсырылады», - деді өңір басшысы Ералы Тоғжанов.
null null null 

Соңғы жаңалықтар