Маңғыстауда қос түйеге соғылған көліктің екі жолаушысы қайтыс болды

None
АҚТАУ. ҚазАқпарат – Жетібай-Ақтау тас жолының бойында көлік түйелерге соғылып, екі жолаушы мерт болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оқиға 16 қыркүйекте сағат 22:41 шамасында болған.

«Ваз 21154» автокөлігінің жүргізушісі Ақтау қаласынан Шетпе ауылына баратын жолда екі түйені қаққан. Тас жолдағы оқиғадан екі жолаушы көз жұмып, бес адам ауруханаға жеткізілді», - деп мәлім етті Маңғыстау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінен.

Аталған факті ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы 4-бөлігі бойынша тіркеліп, тергеу басталды. Сот-медициналық сараптама тағайындалды.

Айта кетсек, Ақтауда ішімдік ішкен жүргізуші қозғалыссыз тұрған 6 көлікті соғып кеткен болатын. Облыста жыл басынан бері 268 жол-көлік оқиғасы болып, 46 адам көз жұмды және 342 адам жарақаттанды.


Соңғы жаңалықтар