Маңғыстауда қоршаған ортаны ластағаны үшін 6 мың адам жауапқа тартылды

None
None
АҚТАУ. ҚазАқпарат – Маңғыстау облысында қоқысты рұқсат етілмеген жерге төгетіндерге бақылау күшейтілді. Жыл басынан бері қоршаған ортаны ластағаны үшін 6 мың адамға шара қолданылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Әсіресе, жаз айларында қоқыс мәселесі өзекті. Күн ыстығына байланысты ауаға жағымсыз иіс тарайды. Бұдан қоршаған орта да, адамдардың өздері де зардап шегеді. Жыл басынан бері табиғатты қорғау полициясы 6 мың адамға айыппұл салды және бұл жұмыс алдағы уақытта күшейтіледі», - дейді жергілікті полиция басқармасы бастығының міндетін атқарушы Білімғали Сұлтанов.

Қоршаған орта тазалығын сақтамайтын тұрғындарға осы уақытқа дейін 24 млн 925 мың теңге айыппұл салынған. Айыппұл арқалғандардың басым бөлігі, қарыздарынан құтылған.

Сондай-ақ, экологтармен бірігіп жүргізілген рейдтер нәтижесінде, тәртіп бұзушылар арасында тек табиғатты ластағандар емес, жасыл желекке нұқсан келтірген азаматтар анықталған. Оларға да тиісті шара қолданылды.


Соңғы жаңалықтар