Маңғыстауда коронавирус жұқтырған 160 медқызметкерге 320 млн теңге өтемақы төленді

None
None
АҚТАУ. ҚазАқпарат - Маңғыстау облысында корновирус инфекциясына шалдыққан 160 медицина қызметкеріне 320 млн теңге өтемақы төленді. Қауіпті індеттен көз жұмған 8 медицина қызметкерінің отбасына 80 млн теңге, 1 қызметкерге жергілікті бюджеттен 10 млн теңге төленді. Бұл туралы Маңғыстау облыстың денсаулық сақтау басқармасының басшысы Жамал Жаманбаева мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Басқарма басшысы коронавируспен күрес кезінде жұмыс істеген шұғыл медициналық жәрдем станциясы қызметкерлеріне үстемақы төлеу мәселесіне де тоқталды.

«Мәселен, қазан айына дейін үстемақы төлеуде қызметкердің нақты жұмыс істеген уақыты күндермен есептелсе, 15 қазаннан бастап тәртіп өзгереді. Енді жұмыс істеген уақыттары сағатпен есептелетін болды. Бұл жағдайда бұрынғы нұсқамамен соңғы төленетін үстемақының мөлшері едәуір азаятыны анықталды. Жедел-жәрдем қызметінің кіші буын қызметкерлеріне үстемақы төлеу көзделмеген. Десе де пандемия кезінде жұмыс көлемінің ұлғаюына байланысты, кіші буын қызметкерлерінің жалақы көлемін ұлғайту мәселесі қарастырылады»,- деді Жамал Жаманбаева
Соңғы жаңалықтар