Маңғыстауда көпбалалы аналар жалдамалы пәтерді біржола беруді талап етіп отыр

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Маңғыстаулық көпбалалы аналардың арасында белсенділері жалдамалы пәтерлерді жеке меншікке беру талабын қойып отыр. Бұл туралы Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Үлескерлік мәселесі де тұрақты бақылауда. Қазіргі таңда 1 мың салымшыны қамтитын 8 проблемалық тұрғын үй нысаны бар. Үлескерлердің мәселесін шешу мақсатында арнайы кеңес жұмыс жасайды», - деді ол Үкіметтің кеңейтілген отырысында.

Нұрлан Ноғаев әкімдік тарапынан жаңа инвесторларды тарту арқылы құрылысты жандандыру бойынша шаралар қабылданып жатқанын атап өтті.

«Көпбалалы аналардың белсенділері әлеуметтік қамсыздандыру мәселесін шешу және жалдамалы пәтерлерді меншікке беру жөнінде талап қойып отыр. Қазіргі таңда әкімдік тарапынан түсіндіру жұмысы жүргізілуде», - деді өңір басшысы.


Соңғы жаңалықтар