Маңғыстауда көлік түйемен соқтығысып, бір адам қаза тапты

None
None
АҚТАУ. ҚазАқпарат- Маңғыстауда көлік түйемен соқтығысып, бір адам қаза тапты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қайғылы оқиға «Бейнеу-Боранқұл» тасжолында болған. Облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, 17 қазан күні сағат 00:30 шамасында Бейнеу полиция бөліміне «Бейнеу-Боранқұл» тасжолындағы жол-көлік оқиғасы туралы хабарлама келіп түскен.

1949 жылы туған жүргізуші «ГАЗ-3110» автокөлігімен келе жатып, жолға атып шыққан түйені қағып кеткен.

«Нәтижесінде бір жолаушы жарақат алған. Өкінішке қарай, ол оқиға орнында қайтыс болған»,- делінген баспасөз хабарламасында.

Полицейлер жол көлік оқиғасына себепші болған түйеге жарық беретін лента және құлағына сырғасы тағылмағанын анықтады.

Сотқа дейінгі тергеу барысында жол-көлік оқиғасының барлық мән-жайлары анықталуда. Қажетті сараптамалар тағайындалды.


Соңғы жаңалықтар