+7 (701) 759 90 19
USD 436.29 EUR 492.83
RUB 5.92 CNY 68.48
Jańalyqtar

Маңғыстауда көлік қаққан жаяу жүргінші оқиға орнында мерт болды

2021 жылғы 20 қазан 12:38
Бөлісіңіз:
Маңғыстауда көлік қаққан жаяу жүргінші оқиға орнында мерт болды

АҚТАУ. ҚазАқпарат – Маңғыстауда жолдың тыйым салынған жерін кесіп өтпек болған жаяу жүргіншіні көлік қағып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
700-ден астам атыраулық жүргізуші көліктеріне ксенон таққан Алматыда нөмірсіз көлікпен қарсы бағытта жүрген полиция қызметкері жазаланды Тәуелсіздік жылдары: Маңғыстауда 1 100 шақырым жол салынып, 3 темір жол іске қосылды

Маңғыстау облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, қайғылы оқиға кеше түнде Мұнайлы ауданында болған.

Мұнайлы аудандық полиция бөлімінің кезекші операторының пультіне шақырту сағат 21:40-та түскен. Ынтымақ кентінде «Изнур» жанармай бекетіне қарама-қарсы жерде «Audi C4» автокөлігінің жүргізушісі жаяу жүргіншілер өткелінен тыс жолды кесіп өткен жаяу жүргіншіні қағып кеткен.

«Жол-көлік оқиғасы салдарынан 59 жастағы ер адам оқиға орнында алған жарақатынан көз жұмды. Тергеу амалдары жүріп жатыр», - деп хабарлады облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Қазір автокөлік айып тұрағына қамалды.

Айта кетейік, бұған дейін Маңғыстауда көлік түйемен соқтығысып, бір адам қаза тапқанын хабарлаған болатынбыз. Қайғылы оқиға «Бейнеу-Боранқұл» тасжолында болған.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Қаракөз Марат

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059

MURAǴAT