Маңғыстауда көлік газының бағасы 10 пайызға арзандайды

None
None
АҚТАУ. ҚазАқпарат - Маңғыстау облысында келер жылы көлікке арналған газдың бағасы 10 пайызға төмендейді. Осылайша сұйытылған отынның бір литрі 45 теңгеден сатылмақ, деп хабарлайды ҚазАқпарат Хабар 24 порталына сілтеме жасап.

Бұл туралы өңірлік кәсіпкерлік және сауда басқармасының мамандары мәлімдеді. Бүгінде аймақ тұрғындарының 70 пайызға жуығы көлік газын тұтынады. Осыған қарамастан жағдай өткен 10 айда тұрақты болды. Көлік газының қазіргі қоры 17 мың тоннадан асады. Ақтауда автогаздың бір литрі 50, ал шалғай елді мекендерде 65 теңгеден сатылып жатыр. Тимур Сәдуақасов, өңірлік кәсіпкерлік және сауда басқармасы басшысының орынбасары

«Энергетика министрлігі берілген бұйрыққа сәйкес әр тоқсан сайын белгілі бір бағаны бекітеді. Осы ретте келер жылдың басынан бастап көлік газының құнын 10 пайызға төмендету жоспарланып отыр. Қазіргі таңда облыс бойынша сұйық отын литрі 50-65 теңгеден сатылуда. Аймақ әкімінің тапсырмасымен жағдайды тұрақты бақылауға алдық. Өңірде көлікке арналған газдан бөлек, бензин мен керосин қоры да жеткілікті», - дейді өңірлік кәсіпкерлік және сауда басқармасы басшысының орынбасары Тимур Сәдуақасов. 

Соңғы жаңалықтар