Маңғыстауда көлік апатынан ерлі-зайыпты жапа шекті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Маңғыстау облысында көлік апатынан екі адам жапа шекті, деп хабарлайды Лада.

Оқиға 5 қаңтар күні «Ақтау - Форт-Шевченко» тас жолының 43-шақырымында болған. Апат салдарынан екі адам жапа шекті.

«Жараланғандар - ерлі-зайыптылар. Олар Маңғыстау облыстық ауруханасына жеткізілді. Ер адам жеңіл жараланған, дәрігерлер оны қараған соң үйіне жіберді. Ал әйелдің халі ауыр, ол жансақтау бөлімінде жатыр», - деп хабарлады облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Соңғы жаңалықтар