Маңғыстауда көлік апатынан бір адам көз жұмып, 2 адам зардап шекті

None
None
МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫ. ҚазАқпарат - Түпқараған ауданы Ақшұқыр ауылындағы тас жолда жол-көлік оқиғасынан бір адам көз жұмып, 2 адам зардап шекті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Маңғыстау облыстық денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, көлік апатынан 1977 жылы туған ер адам оқиға орнында көз жұмған. Тағы екі адам түрлі деңгейдегі жарақатпен емханаға жеткізілді.

«Қазіргі таңда жарақат алған екі адам Маңғыстау облыстық ауруханасының нейрохирургия бөлімшесіне жатқызылды. Барлық тиісті ем-дом шаралары ұйымдастырылды. Науқастар дәрігерлердің жіті бақылауында», - делінген хабарламада.

Көлік апатының мән-жайы анықталып жатыр.


Соңғы жаңалықтар