Маңғыстауда көктайғаққа байланысты республикалық маңызы бар жол жабылды

None
None
АҚТАУ. ҚазАқпарат – Маңғыстауда көктайғаққа байланысты республикалық маңызы бар жол жабылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Маңғыстау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлауынша, Бейнеу ауданы Опорный ауылынан Атырау облысының шекарасына дейінгі жол жабылған.

Ауа райының нашарлауына байланысты Бейнеу ауданының Опорный ауылынан Атырау облысының шекарасына дейінгі Республикалық маңызы бар автожол учаскесінде көліктің барлық түрлері үшін қозғалыс шектелген.

«Жүргізушілерден ауа-райын бақылап, ерекше қажеттіліксіз шықпауды сұраймыз. Дауыл туралы ескерту хабарламаларын елемеңіз және сақтық шараларын сақтаңыз.Өңірдің жергілікті полиция қызметі Маңғыстау тұрғындары мен қонақтарын жол жүру ережелерін сақтауды және жолдарда мұқият болуды сұрайды», - делінген баспасөз хабарламасында.

Айта кетейік, Маңғыстауда бірнеше күннен бері боран соғып, ауа райы бұзылды.


Соңғы жаңалықтар