Маңғыстауда көктайғақ салдарынан үш бағыттағы облыстық жол жабылды

Фото:
АҚТАУ. ҚазАқпарат - Маңғыстауда көктайғақ салдарынан бірнеше жол уақытша жабылды. Бұл туралы Маңғыстау облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Маңғыстауда ауа райының қолайсыздығына байланысты «Ақтау-Форт-Шевченко», «Ақтау-Қаламқас», «Қияқты-Тұщықұдық» облыстық маңыздағы тас жолдар жабылды» делінген баспасөз мәліметінде.

Қазгидрометтің хабарлауынша, өңірде қатты боран соғып, көктайғақ болады.


Соңғы жаңалықтар