Маңғыстауда көктайғақ кесірінен бөгеліп тұрған жүк көліктеріне көмек көрсетілді - ТЖД

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Маңғыстау облысының Төтенше жағдайлар департаменті Манаты асуында көктайғақ кесірінен жүк көліктерінің бөгеліп тұрғанын растады, деп жазады Lada.kz.

Қазіргі уақытта жағдай қалыпқа келген.

«Көктайғақ кесірінен Сай-Өтес-Шетпе автожолының бөлігінде (552 - 554 км) 30-40 ауыр жүк көліктері кептеліске тап болған. Бүгін 17:00-де жағдай бір қалыпқа түсті. Барлық жүгізушілерге ас беріліп, кептелістен шығуға көмек көрсетілді», - деп хабарлады Маңғыстау облыстық ТЖД баспасөз қызметі.

Құтқарушылардың мәліметінше, сол жерде «Қазавтожол» ЖШС мен «Нияз Мухаммед» ЖШС-ның алты арнайы техникасы жұмыс істеп жатыр.

Бұған дейін алыс жолға жүк таситын жүргізушілер ас-сусыз үш тәулік тұрғандарын айтқан болатын.

Соңғы жаңалықтар