Маңғыстауда қоғамдық көлікте жолақы қымбаттады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Маңғыстау облысында қоғамдық көліктерде жолақы құны көтерілді. 13 бағыт бойынша жүретін маршрут тарифі 10 теңгеден 150 теңге аралығында өсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыс әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бағаның өсуі облысішілік тұрақты жолаушы тасымалы маршруттарына қызмет көрсетуші 8 мекемеден жолақы құнын көтеру жөнінде келіп түскен өтініш  бойынша іске асып отыр. 

«Тасымалдаушылардан жолақы құнын көтеру жөніндегі өтініштердің түсу себебі: бүгінгі нарықтағы жанар-жағармай бағасының тұрақсыз өсуі, қосалқы бөлшектер мен сервистік қызмет көрсетудің қымбаттауы, жаңа автокөлік бағасының, автостанциялардағы жалдау ақысының өсуі және соның салдарынан тасымалдаушылардың жүріс шығындарының ақталмауы болып отыр», - дейдіоблыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Әліби Көшербаев. 

Тасымалдаушылардан түскен өтініштердің негізінде Облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы Тұрақты ауданаралық (қалааралық, облысішілік) қатынастары тарифтері жөніндегі арнайы Комиссия құрылған.

Комиссия мүшелері облысішілік тұрақты жолаушы тасымалы маршруттарына қызмет көрсетуші 8 тасымалдаушының жолақы құнын көтеру жөніндегі өтініштері мен анықтамаларын, тариф есептері мен негіздемелерін өткізілген комиссия отырыстарында тиісті деңгейде қарап, зерттеген.

«Ортақ дауыс беру нәтижесінде комиссия құрамының жартысынан көп бөлігі (75%) тұрақты жолаушы тасымалы маршруттарының тариф құнын көтеруді қолдады», - дейді Әліби Көшербаев. 

Билет құнындағы өзгерістер облыстық мәслихаттың шешімімен, облыс әкімдігінің қаулысымен бекітілді. Атап айтқанда, "Ақтау-Жаңаөзен" бағыты 590 теңгеден 750 теңгеге, «Ақтау-Шетпе» бағыты 580 теңгеден 750 теңгеге өскен.

Өзгерістер төмендегі кестеде көрсетілген.

null 

Соңғы жаңалықтар