Маңғыстауда киік жойылып кетудің аз-ақ алдында тұр

None
None
  АҚТАУ. ҚазАқпарат - Үстірттегі киіктер соңғы 30 жылда 100 есе азайып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Сондықтан эколог мамандар жануардың толықтай жойылып кету қаупі жоғары деп дабыл қағуда.

Эколог Әділбек Қозыбақовтың айтуынша, қазіргі таңда Үстіртте киіктер саны небәрі -2700. Ал, 1980 жылдардың соңында 250-270 мың бас болған.

«Яғни, бүгінде 99% жоғалды деуге негіз бар. Бір кездері кейбір есеп бойынша Үстірттегі бөкендер саны жарты миллионға дейін болған»,-дейді маман.

Жалпы, елімізде ақбөкеннің үш түрі мекендейді. Атап айтқанда - бетпақдала, орал және үстірт популяциялары. Осыдан үш жыл бұрын бетпақдалада мекендейтін ақбөкендер жаппай қырылғандығы белгілі. Ол кезде мамандардың есебі бойынша 90 пайызы қырылған деседі. Ал, Үстірт популациясы қазір  99%-ға азайған. Сондықтан Әділбек Қозыбақов бұл мәселеген назар аудару керек деп санайды.
null 

«Еліміздегі қолданылып келе жатқан табиғатты қорғау механизмдері киіктердің үстірт популяциясының санын бұрынғы қалпына келтіретіндей оң нәтижесін берер емес. Сол себепті қазіргі уақытта бұрынғы дәстүрді қайта «ояту» қажеттігі туындап отыр. Яғни туған өлкенің табиғатын, киіктерді сақтап қалу жауапкершілігін артуды мал өсірушілер мен аң аулаушыларға жүктеуіміз қажет»,-дейді ол.

Сондықтан  Германияның NABU табиғатты қорғау және биоалуантүрлілікті сақтау одағының қаржылай қолдауымен «Киіктердің үстірт популяциясын сақтау бойынша жергілікті қоғамдастықтарды жұмылдыру» жобасы жүзеге асырылмақ.

«Киіктер санының азаюына бірнеше фактор  әсер етті. Әсіресе, қаскөйлік, браконьерлікті айтамыз. Сондықтан осы киіктің популяциясын, Үстірт популяциясын қорғау үшін тек қана мемлекеттік органдарды емес табиғатты қорғау, сонымен қатар жергілікті халықты да тарту өте маңызды»,-дейді Әділбек Қозыбақов.

Өткен айда табиғат жанашырлары мен қоғам белсенділері Үстірттегі киіктерге санақ жүргізген. Қазір небәрі 300 бас ақбөкен мен оның 57 құралайын ғана кездестірген. 

Соңғы жаңалықтар