+7 (701) 759 90 19
USD 423.87 EUR 505.25
RUB 5.59 CNY 64.43
Jańalyqtar

Маңғыстауда кезекші сыныптарда тек 1-сынып оқушылары оқиды

2020 жылғы 20 қараша 21:32
Бөлісіңіз:
Маңғыстауда кезекші сыныптарда тек 1-сынып оқушылары оқиды

АҚТАУ. Қазақпарат – Екінші тоқсанда оқуды эпидемиологиялық ахуалдың тұрақсыздығына байланысты және аудан, қала әкімдерінің ұсынысына сәйкес тек 1 сынып оқушыларына арналған кезекші сыныптар жұмысын жалғастырады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Қашықтан оқыту мәселелерін реттеуге бағытталған заң жобасы Сенатқа жолданды

Маңғыстау облысы білім басқармасының басшысы Асқар Сейдалиевтің айтуынша, өңірде 311 мектепке дейінгі ұйымда 36 540 бала тіркелген. Штаттық режимде жұмыс істейтін балабақшаларда барлығы 2 770 педагог және 3121 техникалық қызметкер жұмыс істейді.

«Балабақшаларда санитария-эпидемиология, дезинфекция жұмыстары талапқа сай жүргізіледі. Бұл орайда, басқарма тарапынан барлық балабақшалардағы санитарлық талаптарды күшейту жөнінде тапсырмалар берілді», - деді Асқар Сейдалиев.

Айта кетейік, бірінші тоқсанда 156 мектепте 158 673 оқушы (141 күндізгі мектепте 156 655, 10 жекеменшік – 1378, 6 кешкі – 694), мектепалды даярлық сыныбында 9 330 бала оқыды. Жаңа оқу жылында 1 сыныпқа 18 601 бала қабылданды.

Бірінші тоқсанда 128 мектепте тек 1-сынып үшін кезекші сыныптар ашылып, онда бірінші сынып оқушыларының 83% оқыды (15 295 оқушы). Қалған оқушылар ата-анасының қалауымен үйінде, қашықтан оқытылды.

Қашықтан оқитын 2-11 сынып оқушылары үшін mektep.edu.kz платформасы қолданылды және олар darynonline.kz, bilimland.kz, edupage.kz цифрлы білім беру ресурстарын контент ресурс ретінде пайдаланды.

Оқу жылы басталғаннан бері коронавирус инфекциясымен облыс мектептерінің 8 оқушысының және 1 мұғалімнің ауырғаны анықталды. Қазіргі кезде оларды оқшауланды, отбасы мүшелері карантин режиміне көшірілді. Кезекші сыныптарда оқитын білім беру мекемелеріне қатаң санитарлық-эпидемиологиялық талаптардың сақталуы күнделікті бақылауға алынған.

Қазіргі кезде бірінші сыныптардағы 15 295 (83%) оқушы әрбір сыныпта 15 баладан аспайтын кабинетте, ара қашықты сақтау және күнделікті термометрия жасау арқылы ұйымдастырылған 138 (128 мемлекеттік мектептің, 10 жекеменшік мектептің) кезекші сыныпта оқиды. Ал, қалған 2-11 сыныптардың оқушылары қашықтан оқытуды жалғастырады.

Қарақия ауданы Аққұдық орта мектебі (шағын жинақты мектеп) штаттық режимде оқытыла береді.

Спикердің айтуынша, қашықтан оқытуды қамтамасыз ету мақсатында жергілікті бюджет есебінен 8 100 компьютер, республикалық бюджеттен 22 541 компьютер сатып алынып, оқушыларға таратылып берілді.

«Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары толықтай қашықтан оқытуды жалғастыруда. ТжКБ ұйымдары оқу процесінде kollege.edu.kz білім беру платформасын қолданады. Сонымен қатар, колледж студенттері мен оқытушылары ҚР БжҒМ қарасты «Кәсіпқор» холдингі ресми сайтының, облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің Google DISK оқыту материалдарын және оқытушылардың авторлық бағдарламаларын пайдаланады», - деді А. Сейдалиев.

Баспасөз конференциясында Маңғыстау облысы тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы Ғазиз Надуев қатысты. Оның мәліметінше, оқу жылының басынан бастап Республика бойынша 18 жасқа дейінгі балалар арасында COVID-19 1713 жағдайы тіркелді, оның ішінде оқушылар арасында 1099 (64,1%) жағдай тіркелді. Маңғыстау облысы бойынша жаңа оқу жылынан бастап бүгінгі күнге дейін оқушылар арасында барлығы COVID-19 зертханалық расталған 8 жағдай тіркелді, оның ішінде 1 – уі оффлайн режимде, 7-уі қашықтықтан оқиды және 1 мұғалім.

Оқу жылынан бастап жалпы білім беретін мектептерде барлығы 179 тексеру жүргізілді (ерекше тәртіп бойынша 12 тексеру, 167 мониторинг). Облыстың 10 мектебінде жоспарлы тексеру кезінде кемшілік анықталды.

«Тексеру нәтижесі бойынша ерекше тәртіппен 2 әкімшілік айыппұл салынды. Салынған айыппұл сомасы - 83 340 теңге. Кемшілікті жою туралы 9 ұйғарым берілді. Тексеріс барысында мектептерге талап түсіндірілді. Мониторинг барлық кемлішік жойылғанын анықтады», - деді Ғазиз Надуев.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Қаракөз Марат

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT