+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 468.66
RUB 5.79 CNY 58.80
Jańalyqtar

Маңғыстауда кей ауруханаларда өртелуге тиіс препараттар қоқыс жәшігінде жатқан

2019 жылғы 7 қараша 04:21
Бөлісіңіз:
Маңғыстауда кей ауруханаларда өртелуге тиіс препараттар қоқыс жәшігінде жатқан

АҚТАУ. ҚазАқпарат – Облыстық арнайы мониторингілеу тобы мүшелері жүргізген тексеріс кезінде Маңғыстау аудандық ауруханасында өртелуге тиісті пайдаланылған препараттар қоқыс жәшігінде жатқаны анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Алматы облысында соңғы 3 күнде дәрі-дәрмек бағасын негізсіз өсірген 6 тұлға анықталды Шымкенттік дәрігерлер арнайы сайт арқылы тұрғындарға онлайн кеңес береді Қостанайлық волонтерлер ауруханаларға оттегі баллондары мен дәрі-дәрмектер тасып жүр

Маңғыстау облысының денсаулық сақтау басқармасы және облыстық Арнайы мониторингілеу тобы мүшелерінің қатысуымен аймақтағы мемлекеттік ауруханаларға, емханаларға және перзентхана орталықтарына мониторинг жұмыстары жүргізілді.

Мониторинг барысында ауруханалар мен емханалардың медициналық жабдықтармен қамтамасыз етілуі, болашақ аналардың скринингтен өткені, қанша нәресте туғаны, олардың амбулаториялық тексерістен өтуі және бала өлімі деректеріне мониторинг кезінде аса мән берілген.

Талдау нәтижесінде Маңғыстау облыстық ауруханасында сатып алу шарты бойынша 2019 жылдың басынан бері медициналық жабдықтар алынбағаны, облыстық перинаталдық орталығында жаңа туған нәрестелерге арналған төсектің жетіспеуі, Маңғыстау аудандық перинаталдық орталығында медициналық жабдықтарды қолдану және сақтауда санитарлық нормалары сақталмағаны және Маңғыстау аудандық ауруханасында өртелуге тиісті пайдаланылған препараттар қоқыс жәшігінде жатқаны анықталды.

Жүргізілген жұмыс нәтижесі бойынша жұмыс тобы талдау анықтамасын жасақтап, мониторинг жүргізген медицина мекемелеріне анықталған кемшіліктерді жою бойынша ұсыныстар енгізді.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Ләйлім Әлім

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT