Маңғыстауда кеншілер тауып алған аққұтан өліміне түсінік берілді

None
None
АҚТАУ. ҚазАқпарат - Маңғыстауда аққұтан құсының өліміне қатысты Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті түсінік берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Еске сала кетейік, 23 шілде күні әлеуметтік желілерде «Дунга» кен орнына аққұтан құсы қонып, ұшып кете алмай тұрғаны туралы бейнежазба тарады.

«Дунга» кен орны Маңғыстау облысында, Ақтау қаласынан 50 шақырым жерде орналасқан.

«Инспекция мамандары сол күні кешке кен орнының қызметкерімен байланысқа шығып, жол-жөнекей көлік болған кезде құсты беріп жіберу туралы келісімге келген болатын. Алайда кен орнында жұмыс уақытының аяқталуына байланысты бұл іс таңғы уақытқа қалды» деп хабарлады комитеттен.

Алайда құс сол түні өліп қалған. Болжам бойынша, қоныс аудару кезінде аққұтан әлсіреп, ұша алмайтын жағдайға жеткен болуы мүмкін.

Аққұтан - жыл құсы. Ол Каспий теңізінің солтүстігінде кездеседі.


Соңғы жаңалықтар