Маңғыстауда кен орнындағы өртке қатысты қылмыстық іс қозғалды

None
None
АҚТАУ. ҚазАқпарат - Комсомол кен орнында болған оқыс оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Маңғыстау облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Облыстық ІІД баспасөз қызметінің хабарлауынша, аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 156-бабы 3-бөлігі бойынша іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелген. Қазір сот-медициналық сараптама тағайындалып, сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Еске сала кетейік, 20 мамыр күні Комсомол мұнай кенішінде өрт шығып, салдарынан 1 адам мерт болып, 3 адам зардап шеккен еді. Денесінің 60 пайыздан астамын күйік шалған бір адам жансақтау бөлімінде жатыр. Оның тыныс алу жолдары да күйіп қалғандықтан, өздігінен демала алмайды. Дәрігерлердің айтуынша, оған шокқа шарсы шараның бәрі жасалып жатыр. Ал, тағы 2 зардап шегуші травмотология бөлімінде. Олардың денелерінің 40-50 пайызы күйген. Травмотологтар мен реаниматологтар науқастарды бақылап отыр. Ауыр насқастарға көмекке Астанадан дәрігерлер келген.

 

 

Соңғы жаңалықтар