Маңғыстауда Қазақстан мұнайының 120 жылдығы тойлануда

None
None
АҚТАУ. ҚазАқпарат - Ақтауда мұнайшылар күніне орай салтанатты жиын өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Абай атындағы мәдени-демалыс кешенінде өткен мерекелік аймақ басшысы Серікбай Трұмов қатысып, сөз сөйледі.

«Табиғат ананың құшағындағы қазынаны шашау шығармай, ел игілігіне беріп отырған адал еңбектеріңізге ризашылығым шексіз. Мұнайшылардың еңбекке жұмылған ерен күші мен қиын қызметте бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығара алған ынтымағының жемісі» - деді әкім.

Салтанатты жиын аясында Маңғыстау өңірінің әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан үлесі үшін бірнеше азаматтар Маңғыстау облысы әкімінің Құрмет грамотасымен, «Мұнай-газ кешенін дамытуға қосқан үлесі үшін» ҚР Энергетика министрлігінің медалімен марапатталды.

Жиыннан соң қонақтар даңқты мұнайшы - Сафи Өтебаевтың ескерткішіне гүл шоқтарын қойды.

Айта кетейік, қазіргі таңда елімізде өндірілетін мұнай-газ саласының 30%-ы Маңғыстау аймағына тиесілі. Облыс бюджетінің де басым бөлігі де осы мұнай-газ саласынан түскен салықтар мен міндетті төлемдер негізінде құралады.



Соңғы жаңалықтар