Маңғыстауда қатты желден 2 көлік аударылып қалды

None
None
АҚТАУ. ҚазАқпарат – 8 желтоқсанда Шетпе - Сай-Өтес тасжолында қатты желдің салдарынан екі көлік аударылып қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат lada.kz сайтына сілтеме жасап.

Сағат 23:10-да «102» нөміріне Шетпе - Сай-Өтес тасжолында «Газель» маркалы екі көліктің аударылып қалғаны туралы хабар түсті.

«Оқиға орнына патрульдік полиция ротасы кетті. Ешкім зардап шеккен жоқ. Көлікті көтеруге трактормен көмектесті», - деді өңір полициясынан.


Тәртіп сақшылары жүргізушілерден қатты қажеттілік болмаса, рульге отырмауын сұрайды.
Еске салайық, кеше, 8 желтоқсанда Жетібай-Шетпе тасжолының 96-101 шақырымы аралығында шаңды дауыл салдарынан көлік кептелісі туындаған. Облыс аумағында екі күннен бері шаңды дауыл мен қатты жел соғып тұр.

Соңғы жаңалықтар