Маңғыстауда қараусыз жүрген иттерге арнайы орын салынады

None
АҚТАУ.ҚазАқпарат – Маңғыстауда қараусыз жүрген иттерге арнайы орын салынбақ. Сол себепті аудан-қалаларда жер бөлу жұмысы басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Осы жылы ақшасы қаралаып, салынып бітуі керек. Арнайы орындарды ұстау, иттерді тіркеу, дәрілеу, вакцинация жасау, сонымен қатар кастрация, стерилизация жасау жұмыстарымен айналысуымыз керек. Оның барлығына қаражат қарастырылады», - деді Маңғыстау облыстық ауыл шаруашылы басқармасы басшысының орынбасары Бердібек Марқабаев.

Ақтауда 2022 жылы ең қауіпті деген 1770 ит ауланып, көзі жойылған. Ал тұрғындардан 11 мыңнан астам арыз түскен.

Қаңғысбас иттер адамдарға шабуымен қоса, паналаған жерін нәжістеп, ластайды. Бұралқы иттерді өлтіруге тыйым салынған.

Ал 2021 жылы Маңғыстау облысында 1400-ге жуық адамды ит қапқан. Зардап шеккендердің көбі 14 жасқа дейінгі балалар.


Соңғы жаңалықтар