Маңғыстауда қарақұйрықты заңсыз аулаған браконьерлер ұсталды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Маңғыстау облысының Қарақия ауданында қарақұйрықты заңсыз аулаған браконьерлер ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«2020 жылдың 23 шілдесінде Маңғыстау облысының Қарақия ауданында орман шаруашылығы мен жануарлар дүниесі инспекциясының мемлекеттік инспекторлары «Охотзоопром» ӨБ пен аудандық учаскелік полиция қызметкерлерімен рейд жүргізді. Рейд барысында жедел топ Митсубиши Паджеро мен Тойота Лэнд Крузер маркалы көлікті мінген браконьерлерді ұстады», - деп жазады ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің орман шаруашылығы мен жануарлар дүниесі комитетінің баспасөз хатшысы Сәкен Ділдахмет .

Тексеру барысында автокөліктен төрт қарақұйрықтың тұтас тушасы, серия, нөмірі жоқ 2 қару анықталды. Заң бұзып жүргендер – Маңғыстау облысының тұрғындары болып шықты.

«Оқиға орнына аудандық полицияның жедел-тергеу тобы шақырылды. Жиналған материалдардың бәрі де полицияға тапсырылды», - делінген хабарламада.


Соңғы жаңалықтар